ӘЧ-2018: Ресей Президенті В.Путин жанкүйерлер чемпионатқа визасыз келе алатынын мәлім етті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2018: Ресей Президенті В.Путин жанкүйерлер чемпионатқа визасыз келе алатынын мәлім етті

ӘЧ-2018: Ресей Президенті В.Путин жанкүйерлер чемпионатқа визасыз келе алатынын мәлім етті

Ресей Президенті Владимир Путин 2018 жылы осы елде өтетін футболдан әлем чемпионатына спортшылар, төрешілер мен бапкерлер, тіпті, жанкүйерлер де визасыз тәртіппен келе алатын мәлім етті.

  • 11 Шiлде 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz


Ол сондай-ақ федералдық заңда «2018 жылғы чемпионатқа дайындалуға жәрдемдесетін шетелдіктер үшін арнайы жеңілдікті визалық режім» қарастырылғанын айтып өтті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Ал дүбірлі дода алдында және ол өтіп жатқан кезде ресми қатысушылар — спортшылар, төрешілер, бапкерлерден басқа жанкүйерлер де Ресейге визасыз тәртіппен келе алады», — деп нақтылады Ресей елінің басшысы.