"Қылмыс жасады, деп айып тағылған ер адамның іздеуге берілгеніне тура 22 жыл болды, ол 1992 жылдың мамыр айында іздеуге берілген болатын", деді Атырау облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Полицияның деректеріне қарағанда, ол осы жылдар бойы Шымкентте шеберханада механик болып істеген. Атырауда әйелі мен төрт баласының болғанына қарамастан, жаңа отбасын құрып, екі қызын тұрмысқа беріп үлгерген.