Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекет басшысына омбудсмен ұйымының іс-қызметі туралы баяндайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекет басшысына омбудсмен ұйымының іс-қызметі туралы баяндайды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекет басшысына омбудсмен ұйымының іс-қызметі туралы баяндайды

30-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Болат Байқадамовты қабылдайды. Кездесуде омбудсмен ұйымының іс-қызметі туралы баяндама талқыланады. Бұл туралы бүгін, 8-сәуірде омбудсмен ұйымының 2004-жылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысына арналып Астанада өткен баспасөз мәслихатында Болат Байқадамов хабарлады.

  • 8 Сәуiр 2004
  • 998
Фото - Caravan.kz

Б.Байқадамовтың айтуынша, халықаралық ұйымдар мен бірқатар шетелдік мемлекеттердің Қазақстандағы демократияландыру процестері мен адам құқығының қорғалуына қатысты оң пікірі «өткен жылдың екінші жартысында елімізде жүзеге асырылған бірнеше белгілі қадамдар мен шаралардан кейін қалыптасты». Осындай маңызды оқиғалардың қатарында омбудсмен Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі екі бірдей халықаралық пактіге қол қоюы, өлім жазасына мораторий жариялануы, адам құқықтары саласында Қазақстан жүктеп алған халықаралық міндеттемелер бойынша есеп беру жүйесі құрылуы, сондай-ақ, тергеу изоляторларын азаматтық мекемеге сеніп тапсыру тәрізді шараларды атады.

Сондай-ақ, Б.Байқадамовтың айтуынша, адам құқықтары жөніндегі уәкілеттілік институтының жұмысында да «оңды ағымдар» байқала бастады. Атап айтсақ, есепті мерзімде азаматтардан 265 арыз-өтініш келіп түсті, бұл 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 131 процентке тең. Осы орайда арыз-өтініштер омбудсменнің құзыры жүретін мәселелерге мейлінше сәйкесе бастағанын айта кету керек. Мәселен, сот шешіміне қатысты арыздар саны азайып, нақты құқық қорғау сипатындағы, мейлінше зерделі шағымдар түсе бастады. Құқық қорғау органдарының әрекетіне, «зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулық сақтау салаларындағы» алалаушылық әрекеттерге қатысты арыздар көбейді, дейді Б.Байқадамов.
Оның айтуынша, Қазақстанның барлық аймақтарындағы » ең шалғай өңірлердің өзінде» адам құқықтарының қорғалуына мониторинг жүргізу көзделіп отыр. Ол үшін Атырау, Шымкент, Алматы, Өскемен және Петропавл сынды республикамыздың бес аймағында корреспонденттік бөлімшелер ашылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жуырда қол қоюды жоспарлап отырған жобалар бұл істе қолғабыс болмақ. Атап айтсақ, Еуропалық Одақ, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, «Еуропа үні» ұйымдарымен бірлескен жобаларға қол қойылады. «Біз осынау жобалардың көмегімен республика аймақтарындағы ахуалға ықпал етпек ойымыз бар»,- деді Б.Байқадамов.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы орайда бірқатар қиындықтарды да атап өтті. Бұл — «заңнамаларға мейлінше жүйелі, әрі мейлінше тереңірек үңілуге» қатысты проблемалар , деді ол. «Біз бұдан былай мәжіліс пен сенаттың қоржынына келіп түскен өзекті заң жобаларын талқылауға тікелей атсалысатын боламыз»,- деді Б.Байқадамов.

Соңғы жаңалықтар