Адамдар неге жоғалады? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамдар неге жоғалады?

Адамдар неге жоғалады?

Соңғы жылдары елімізде адам жоғалу дерегі тым жиілеп кетті. Хабар-ошарсыз кеткендердің көбі кейін табылғанымен, бірқатары сол күйі анықт

  • 24 Тамыз 2016
  • 1445
Фото - Caravan.kz

Соңғы жылдары елімізде адам жоғалу дерегі тым жиілеп кетті. Хабар-ошарсыз кеткендердің көбі кейін табылғанымен, бірқатары сол күйі анықталусыз қалған. Мәселен ҚР ІІМ-нің baq.kz сайтына берген мәліметтеріне қарағанда өткен 7 айда еліміз бойынша 1823 адам жоғалып, тек 1500-і ғана табылған. Бұл күніне 8 адам жоғалады деген сөз.

Ең өкініштісі көпшіліктің соңғы кездері еті өліп, «адам жоғалды» десе селт етпейтін күйге түсіп барады. Дегенмен Caravan.kz тілшісі ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы іздеу салынып, көпшіліктің назарын аударған биылғы бірқатар оқиғаларды тізбектеп көрді.

Астанада 3-ақпан күні Астанада медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіров ұшты күйлі жоғалып кетті. Ал 10 ақпан күні оның өлі денесі табылды. Мәйітте зорлық белгілері болды. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровты бір апта бойы іздеген полицейлер оның мүрдесін көмілген жерінен тапты. Студентті қаскөйлер өлтірмес бұрын әбден қинаған екен.

18 маусым күні Астанада түнгі клубтан шыққан Балдырған Сыбанбаева із-түзсіз жоғалып кеткен. Куәлер оның көлікке мініп кеткенін көрген. 33 жастағы әйелдің денесі тек 26 маусым күні табылды. Пригородның ауылының маңындағы орман алқабында табылған мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болған.

30 сәуір күні Алматыда С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Санжарбек Арзиев жоғалып кетті. Оны Есентай өзеніне құлап кетуі мүмкін деген болжам жасалды. Бірнеше күннен кейін Алматыда жоғалған студент Санжарбек Арзиевтің денесі Есентай өзенінен табылды. 23 жастағы жас жігіттің мүрдесі Рысқұлов көшесінің маңындағы тұста кептеліп қалған.

10 мамыр күні ОҚО-да Шымкент қаласына оқуға бару үшін үйінен шыққан Әйгерім Оспанбекова Шымкент қаласына жете бере жоғалды. Ол Жетісай-Шымкент тасжолының бойынан жолай көлікке отырған. Жолда құрбысына такси жүргізушісінен қорқып келе жатқанын жазған.Оны іздестіруге полициядан бөлек жүздеген ерікті қатысты.

Екі аптадан кейін Әйгерім Оспанбекованың денесінде зорлық белгілері бар мәйіті Сарыағаш ауданынан табылды.


8 маусымда Астана қаласында 18 жасар Еркебұлан Спандияр жоғалды. Ол 07:30 шамасында үйден университетке шығып кетіп, содан қайтып оралмаған болатын.

12 маусым сағат 20:00 шамасында Есіл өзенінен Еркебұлан Спандиярдың денесі табылды.

16-шілде күні Алматыда 1991 жылы туған Сафар Шәкеев із-түссіз жоғалған болатын. Содан бастап белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлын іздеу шарасына 200 ге жуық адам қатысты.

Тек 28-шілде күні Алматыдағы Есентай өзенінде, Тимириязев көшесінің төменгі жағында белгісіз адамның мүрдесі табылған болатын. Көп ұзамай ол Сафар Шәкеевтің мәйіті екені анықталды.

Алматыда 18-маусым күні әріптестерімен бірге табиғат аясына шыққан медбике Гүлнұр Есенәлиева жоғалып кетті.Іздеу жұмыстары еш нәтиже берген жоқ. Тек бірнеше күннен кейін құтқарушылар оның денесін өзі жоғалған жерден 2 шақырым қашықтықтан Қаскелең өзенінен тапты.

17 тамызда Жақсы ауылының тұрғыны 22 жастағы Мақпал Жолдыбаеваның жоғалып кеткені жайлы шағым түсті. Анасының айтуынша, ол 2016 жылғы 16 тамызда үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Бүгін Ақтөбеде пойызға кешігіп қалған жас келіннің жоғалып кеткені мәлім болды. Көркем атты келіншек Бершоғырдан Ақтөбеге оқуға түсу үшін келген. 20 тамыз күні кешке Шалқарға жүретін пойыздан кешігіп, Новый елді мекеніндегі әпкесіне баруды ұйғарған. Бірақ Көркем Мақсат сол күйі хабарсыз кетіпті.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында 30 жастағы Мөлдір Әбішева баласымен бірге бір айдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен. Қазір оны полиция Қарағанды аумағында іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар