Жарияланды: 510

"Адамдар осыны көріп, тәубеге келсе": Кептердің мешітте сәжде жасап тұрған видеосы тарады (ВИДЕО)

"Адамдар осыны көріп, тәубеге келсе": Кептердің мешітте сәжде жасап тұрған видеосы тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде кептердің әлдебіп мешітте намаз кезінде сәжде жасап тұрған видеосы тарады. 

Аталған видеоны актер, режиссер Нұртас Адамбай желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды  Caravan.kz медиа порталы

Видео Меккеде түсірілген сыңайлы. Онда кәдімгі кептердің азан шақырылған кезде басын сәждеге барынша тигізіп, тұрғанын көруге болады. Оны тіпті қасындаңы адамдардың фотоға, видеоға түсіріп жатқаны да үркіте алмады.

Видеоны көрген көпшілік: "Адамдар осыны көріп тәубеге келсе екен", "Алланың құдіреті шексіз", "Осы жерде намаз оқыған ия ", деп жазды.   

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін