Жарияланды: 360

Адамның қандай болмағы тегіне байланысты дегенге сенбеймін - Айнұр Тұрсынбаева

Адамның қандай болмағы тегіне байланысты дегенге сенбеймін - Айнұр Тұрсынбаева

Баланың қандай болып өсетіні тегіне байланысты ма?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева баланың кім болуы тектілігіне қатысты емес дейді. 

"Адамның қандай болмағы тегіне байланысты дегенге сенбеймін өз басым!

Талай ішкіштің баласы ел басқарып отыр, талай бастықтың баласы наркоман боп кеткен, талай жазушының баласы әкесінің шығармасын оқи алмай қаңғырып кетті..

Бәленің бәрі-тілде! Балаңызға көңіл бөліп, "сенің әкең ардақты адам, сен оның атына кір келтірме" деп өсірсеңіз және оны балаңыз миымен қабылдаса тура солай ардақты бала өседі! Ал әкесі текті, бұл да мықты болады себебі қаны мықты ғой деп тегіне сеніп бетімен жібере салсаңыз бала бетімен кетеді!

Балаңызды өмір бақи тәрбиешіге, бала-бақшаға, күтушіге, сіңліңізге немесе тағы біреуге бақтырсаңыз ол баланың сізге деген маxаббаты азая түседі.. Адамдар өз тілдерінен бәле тауып алады! Ешқашан аузыңыздан"адам болмайсың, өлесің, таяқ жейсің, суық тиеді, ауырасың, енеңнен таяқ жейсің, күйеуің қуып жібереді" деген сөздер шықпасын!!! Біреудің баласын жылатсаң сенің де балаңды жылататын адам дайын тұрады! Біреудің анасын ренжітсең өз анаң зар жылайды! Біреудің тойын балағаттап тұрып өз тойым керемет өтеді деп армандамасаң болады. Біреудің қызын семіз десең құдай сенің балаңа кемістіктің көкесін көрсетеді! Біреудің баласы бұзылды десеңіз өз балаңызды немесе немереңізді сол бұзылу күтіп тұр! Біреуді тағдырын талқыласаң өз тағдырың талқандалады.. Закон бумеранга никто не отменял..! Барлық бала бақытты! Барлық бала сүйкімді! Алланың жаратқан барлық пендесінен әдемілік көріп үйренейік.. Тап таза өміріңізді тіліңізден бәле тауып құртып алмаңыз.. Ал сіздерді ренжіткен болсам кешіріңіздер!", деп жазды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть