Әдемі көлік нөмірлерін таңдаудың жаңа мүмкіндігі пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әдемі көлік нөмірлерін таңдаудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

Әдемі көлік нөмірлерін таңдаудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес әріптерді де таңдауға болады.

Бұл туралы

Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

15 қаңтардан бастап іске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргізушілер мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы симметриялық нөмір белгілерін таңдай алады. Бұл үшін азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) өтінімдерін рәсімдеп, мемлекеттік алымды төлеулері тиіс.

2014 жылдан бастап автокөлік иелері ел арасында «айна нөмір» деп аталатын симметриялық нөмірлерді сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізген еді. Енді азаматтар ақылы түрде сандар мен әріптерді өз қалауынша қиыстырып ала алады.

Мысалы, тілек білдірушілер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмірлерге 5 700% АЕК көлемінде төлейді, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әріптердің де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны — 11 400% АЕК.


Айта кетейік, 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмір сатылған.

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмірлік белгісі базада болмаса, онда қажетті мемлекеттік алымды төлеп, мамандандырылған ХҚО арқылы тапсырыс беруге болады.

#пайда болады #сәнді көлік нөмірлері
Соңғы жаңалықтар