Әдемі жарасады екен: Мақпал Исабекованың екіқабат суреті желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әдемі жарасады екен: Мақпал Исабекованың екіқабат суреті желіні шулатты

Әдемі жарасады екен: Мақпал Исабекованың екіқабат суреті желіні шулатты

Мақпал Исабекованың екіқабат суреті желіні шулатты.

  • 15 Тамыз 2019
  • 315
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желідегі парақшасында екіқабат суретін жүктеген Мақпал Исабекова жұртты таңқалдырған. Олар әншіге жарыса пікір жазып ойларын ортаға салды.

Аяғы ауыр Мақпал Исабекованы қолдайтындар да, сөгетіндер де табыла кеткен. Бірі әншіні, үйде отырып жүкті болдың деп айыптаса, енді бірі ана бақытын тілеп, жазба қалдырған. 

"Сізге әдемі жарасады екен", "Алла тағала ана, әйел бақытын бұйыртсын", "Кімнен туса да өзі біледі, біреудің өмірінде нелерің бар", "Жарасады екен жұғысты болсын сізге шынайы өмірде", "Бұл бір түсірілім шығар", — десті жұрт.

Алайда әншінің бұл жағдайын көрген көп адам өнер иесін жерден алып жерге салған. Олар арты жақсы болсын деп тілек айтып, әншінің қылығын құп көрмегендерін байқатты. 

"Мына қасқа армандап жүр ғой", "Көріспегенімізге көп болды, құрбым босанайын деп жатыр екен", "Жайымды айтсам жасырмай, жағдайым менің осындай",  "Арты жақсы болсын", "Бәсе соңғы  кезде неге көрінбей кетті десем", — дейді желідегілер.


Мақпал Исабекованың бұл суреті түсірілім алаңында жасалған. Қазіргі таңда өзін актриса ретінде сынап жүрген өнер иесі отандық фильмдердің бірінде жүкті әйелдің образын сомдайтыны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар