«Демократия мен әділеттілікті ту еткен «Ақ жол» сайлау алындағы блогының басты мақсаты — конструктивті, ілгерішіл және жаңашыл демократиялық күштерді біріктіру, сондай-ақ, блоктан алдағы мәслихат сайлауына ұсынылатын үміткерлердің жеңісін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ күшті үйлестіру болып табылады»,- делінген екі партияның мәлімдемесінде.
«Әділет» партиясымен біздің интеграциямыз жаңа деңгейге көтерілді. Біз бұл орайда біріккен мақсат-ниеттерімізді жүзеге асыру бағытында бұдан басқа да қадамдарға баруымыз мүмкіндігін жоққа шығармаймыз»,- деді Ә.Бәйменов. «Ақ жол» жетекшісі осы орайда «екі партияның алдағы парламент сайлауында бірігу мүмкіндігін де жоққа шығармады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті