АЭФ аясында жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭФ аясында жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды

АЭФ аясында жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды

Астана экономикалық форумы шеңберінде өткен «Invest in Kazakhstan» форумы аясында 1 млрд. долларға 8 меморандумға қол қойылды.

  • 22 Мамыр 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.

«Форум шеңберінде әлемнің ірі өнеркәсіптік компанияларымен жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды. Оның 5-еуі — өз бизнестерін қайта қаржыландыруға ниет танытқан Қазақстанда жұмыс жасап жүрген инвесторлар. Сондай-ақ форумда қазақстандық кәсіпкерлер ірі қаржылық институттармен, инвесторлармен, Жапония сауда компаниясымен және өзге де өкілдермен кездесті», — деп атап өтті ол.