«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстері Қазақстанға ұшырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстері Қазақстанға ұшырыла бастады

«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстері Қазақстанға ұшырыла бастады

27 қазанда ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының алғашқы рейстері Мәскеуден Астанаға, Алматыға және кері бағытта жолаушыларды тасымалдады, деп хабарлайды aeroport.kz

  • 29 Қазан 2015
  • 276
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшырылатын рейстерге билеттерін сата бастады.

26 қазанда Ресейдің әуе көлігінің федералдық агенттігі «Трансаэро» әуе компаниясынан қызмет көрсету сертификатын жарамсыз деп таныды. Бұл тасымалдаушының 156 рейсінің 56-сы, соның ішінде Қазақстанның 11 қаласына ұшатын рейстері «Аэрофлотқа» тапсырылды.
27 қазанда «Аэрофлот» алғаш рет Астанаға коммерциялық рейсті жүзеге асырды. Ұшақ Қазақстан астанасына таңғы сағат 6.10-да ұшып келіп, сағат 7.25-те қайта Мәскеуге ұшты. Ал Алматыға таңғы сағат 4.44-те ұшып келіп, сағат 6.30-да кері бағытталды.
«Аэрофлот» әуе компаниясы «Трансаэроның» Қазақстанға жасаған рейстерінің бұрынғы кестесін сақтауға тырысты. Алайда бұрынғы тасымалдаушы Қазақстаннан рейстерді мәскеулік Домодедов және Внуково әуежайларына жеткізсе, «Аэрофлот», Шереметьево әуежайына ұшады.
Ресейлік әуе компаниясы Қазақстанның кей қалаларына ұшырылатын рейстер билеттерін сата бастады. 
Атап айтқанда, Мәскеу-Алматы және Мәскеу-Ақтау тікелей рейстерінің бағасы екі бағытқа да 87,7 мың теңгеден, Мәскеу-Ақтөбе және Мәскеу-Атырау — 85 мың теңгеден, Мәскеу-Астана — 98 мың теңгеден, Мәскеу-Қарағанды — 67 мың теңгеден.