Ағайынды Царнаевтар бомба жасау үшін ойыншық мен от-шашуды пайдаланған - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағайынды Царнаевтар бомба жасау үшін ойыншық мен от-шашуды пайдаланған

Ағайынды Царнаевтар бомба жасау үшін ойыншық мен от-шашуды пайдаланған

Бостон марафонында теракт жасаған ағайынды Жохар және Тамерлан Царнаевтар бомба жасау үшін ойыншықтар мен от-шашуларды пайдаланған.

  • 22 Мамыр 2014
  • 925
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы прокуратура құжаттарына сілтеме жасай отырып АП агенттігі хабарлады.

Құжаттарға сүйенсек, марафонда іске қосылған жарылғыш заттардың құрылымы техникалық жағынан күрделі болып келеді. Сондықтан, прокурорлар оны жасауға өзге біреулер көмектескен болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Царнаевтар бомба жасағанда шыршаға тағылатын шамдардың сымын, қашықтықтан басқарылатын ойыншық машиналардың детальдарын, от-шашулардың ішіндегі қара дәріні пайдаланған көрінеді.