Ағайындылар өліміне қатысты Ішкі істер министріне сауал жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағайындылар өліміне қатысты Ішкі істер министріне сауал жолданды

Ағайындылар өліміне қатысты Ішкі істер министріне сауал жолданды

Алматы облысында қаза тапқан ағайындылар туралы қаралы хабар көпшіліктің қабырғасын қайыстырды.

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 414
Фото - Caravan.kz

Депутат Бекболат Тілеухан Ішкі істер министрінен жантүршіктірер жауыздыққа барғандарға қатысты істің лайықты түрде жүргізілуін сұрап отыр. Сонымен қатар, Қалмұханбет Қасымовқа мұндай қасіретті қылмыстардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданады деп сауал жолдады. Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған қаласының жанындағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Ұзынағашқа барып мал сатамыз деп із-түзсіз жоғалған еді. Кейін азаматтардың жансыз денесі табылды. Қазір бұл жайтқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


— Министрлік осы іспеттес қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында қандай жұмыстар атқармақ? Әсіресе, қазіргі кезде жергілікті полиция қызметі құрылып отыр ғой. Екіншіден, осындай қоғамның алаңдатушылығын тудырып отырған қылмыстарды ерекше категориядағы қылмыстар деп бағалап, күшейту үшін қандай шаралар қолға алынбақ?

Сауалыма жауапты белгіленген тәртіп бойынша күтемін.

 

Соңғы жаңалықтар