Ағасын өлтіріп, денесін дәретханаға тастап, үстіне бетон құйып қойма салып тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағасын өлтіріп, денесін дәретханаға тастап, үстіне бетон құйып қойма салып тастаған

Ағасын өлтіріп, денесін дәретханаға тастап, үстіне бетон құйып қойма салып тастаған

Шымкенттің полицейлері осыдан екі жыл бұрын болған кісі өлімінің бетін ашт

  • 25 Шiлде 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

2021 жылы Еңбекші ауданының полиция бөліміне 32 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын хабарласқан болатын. Қала тұрғыны ұлының екі апта бұрын үйден шығып, қайтып оралмағанын айтқан. Хабар-ошарсыз кеткен ер адамның қайда екенін анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері кешенді шаралар қабылдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы polisia.kz-ке сілтеме жаап. 

Тәртіп сақшылары оның отбасы мүшелерінен, көршілерінен, достарынан сұхбат алып, жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. 

Ер адамның сыртқы келбетін сипаттайтын мәліметтер қалалық ішкі істер басқармасының барлық бөлімшелеріне, сондай-ақ еліміздің барлық облыстарындағы полиция бөлімдеріне жолданды. 2 жыл бойы іздестіру жұмыстары нәтижесіз болғанымен, осы жылдың басында жедел қызметкерлер қылмыскердің ізін тапқан.  Қабылданған шаралар нәтижесінде отбасындағы кикілжің кезінде інісі өгей ағасының басынан арматурамен бірнеше рет ұрып өлтіргені анықталды. Бұған мас күйдегі өгей ағасының анасымен жанжал ұйымдастыруы себеп болған.


 Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті марқұмның денесін сырттағы дәретханаға лақтырып, бетін бетонмен толтырып, үстіне шағын қойма тұрғызған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

 

Соңғы жаңалықтар