Ағылшын әйелі іштегі өлі туылатын баласын босанғанша көтермек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағылшын әйелі іштегі өлі туылатын баласын босанғанша көтермек

Ағылшын әйелі іштегі өлі туылатын баласын босанғанша көтермек

Ұлыбританиялық әйел өлі туатын сәбиінің ағзаларын трансплантацияға мұқтаж балаларға сыйлау үшін, жүктілікті сақтауды ұйғарды.

  • 18 Желтоқсан 2017
  • 184
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлады.

Ұлыбританиялық Хейли Мартин босану кезінде шетінеп кететін сәбиін 9 ай бойы көтеруді ұйғарды. Ол сәбиінің ағзаларын трансплантацияға мұқтаж балаларға сыйламақ.

Дәрігерлер УДЗ жасағаннан кейін, әйелге құрсағындағы сәбидің туғаннан соң шетінеп кететінін айтқан. Бірақ Хейли мен оның күйеуі жүктілікті тоқтатудың орына, аборттан бас тартыпты.

Ерлі-зайыптылар сәбилерінің «басқа балаларды құтқарып қалу арқылы өмір сүре алатынына» сенеді. Олардың сөзінше, бұл трансплантацияға мұқтаж балаларға рожествоға арналған сыйлық болады.

«Біздің сәбиіміз шетінеп кетеді. Егер басқа балаларды аман алып қалсақ, басымыздан өтіп жатқан қиын күндер соған тұрарлық», – дейді Хейли Мартин.


Ерлі-зайыптылардың 3 баласы бар. Олар төртінші сәбилі болатынына қатты қуаныпты. Алайда бақыттары ұзаққа созылмаған: дәрігерлер дүниеге келмеген балаға бүйректің дамымай қалуы диагнозын қойыпты. Сирек кездесетін бұл ауруға шалдыққан шақалақтың екі бүйрегі болмайды екен. Демек сәби босану кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін шетінеп кетеді.

Сәби дүниеге келісімен отбасыға онымен қоштасып, естелікке суретке түсуге рұқсат беріледі.

Соңғы жаңалықтар