Ағылшын тілін үйрену үшін АҚШ-қа барып табысты кәсіпкерге айналған қазақ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағылшын тілін үйрену үшін АҚШ-қа барып табысты кәсіпкерге айналған қазақ

Ағылшын тілін үйрену үшін АҚШ-қа барып табысты кәсіпкерге айналған қазақ

АҚШ-та кәсібі жылдам өскен, табысы артқан компаниялардың рейтингін жариялайтын Inc. 5000 тізімін әлем біледі. Дәл осы тізімде 637-орында тұрған, жылдық айналымы 13 000 000 АҚШ долларын құрайтын Seka Moving деген компания бар. Міне, сол компанияның иесі – қазақ.

  • 6 Қаңтар 2023
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– Қай жақтың тумасы боласыз?

– Туған жерімді «жолда» деп атайын. Меркі мен Ақкөлдің ортасындағы шағын ауылда дүниеге келдім. Бала күнімде Меркіде тұрдым, кейін отбасымызбен Астанаға көштік. Елордада 10 жыл тұрдым, кейін 9-сыныптан кейін колледжде оқыдым. Одан кейін бірден Америкаға кеттім. Өзге құрлықта тұрып жатқаныма 10 жыл болды.

Мамандығым – мұнай-газ саласын қайта өңдеу жұмыстары.

– Америкаға мамандық бойынша бармаған боларсыз?

– Иә. Мен онда 4 айға барып, ағылшын тілін үйренемін деп мақсат қойдым.

– Тіл үйренемін деп барып, бизнесмен атандым дейсіз ғой…

– Расында, ол кездерді еске алу – өзінше бір тарих.

– Сол тарихты қайта бір еске алсақ. Қысқа ғана шолу жасап берсеңіз.

– 2012 жылы оқуды бітірмей тұрып алдымда екі түрлі таңдау болды: не зауытқа барып жұмыс істеймін, не ағылшын тілін үйрену үшін Америкаға барамын.

Оқуымды бітіргенше құжаттарды реттеп, визаға тапсырып қойдым. Виза беріп жатса, кеттім. Бермесе, Атырауға жұмысқа барамын деп ойладым. Құдай оңдап, виза беріп қалды.

Колледжді бітіре салып, екі аптадан кейін АҚШ-қа аттандым. Тіпті, ол жаққа баратынымды үйдегілерге тек соңғы бір апта қалған кезде айттым. Анам «қой, мен сені Атырауға жіберемін деп жүрмін» деп, сөзімді елемегендей болды. Тек баратыным туралы құжаттарды көрсеткен кезде сенді.

Үйде алты баламыз және анамыз. Мен солардың ең кішісімін.

Қазақстанда жүрген кезде 3-4 ай курстарға бардым, бірақ еш нәтиже болмады. Өзімді жегідей жей бердім. Сондықтан Америкада ағылшын тілін әліппеден бастап үйрендім.

Бірінші рет ұшаққа отырдым, бірінші рет шетелге бардым. Ол кезде жасым 19-да еді.

– Арасында елге келіп жүрдіңіз бе?

– Жоқ. Тек сол жақта ағылшын тілін дамытумен болдым.

70 мың доллардай жинап, Астанадан үй алдым. Ол үй екі айдан кейін теңгенің әлсіреуіне байланысты 35 мың долларға дейін түсіп кетті. Сол сәтте өзіме көңілім толмады. Себебі, сонша қара терге түсіп тапқан ақшамның құны болмай қалды. Ары-бері ойланып, ақыры қара жұмыспен тапқан ақшаның шеті көрінбейтінін мойындадым. Бизнеске кеттім.

Moving туралы көп естідім. Миллиондап ақша табуға болатынын да оқып, зерттедім. Сөйтіп, алғаш рет 8 мың долларға трак* алдым.


2017 жылдары жарнаманы игеру, маркетингті оқу деген білімдерді жетілдірдім.

– Қандай қиындықтар болды?

– Өте қиын болды.

Сату өнерін білмеймін. Команда жинау да оңай болмады. Тіпті, сонша оқыдым деген ағылшын тілімнің де шамасы жетпеді. Себебі, бизнестегі тілдің жай бөлек екенін сол кезде ұқтым…

Осы салада жүрген, тәжірибесі мол адамдарды іздеп тауып, солардың ашық кездесулеріне барып жүрдім. Былайша айтқанда, осы саланы толық білу үшін қандай жолы бар, бәрін пайдаландым. Ең ақыры осы саланың мықтылары жиналатын ортаға топ ете түстім.

Әр тапқан ақшамды бизнеске салдым. Өзіме ең минималды табыс қалдырып, соны ғана жаратып отырдым.

Қазір 50 трак бар. Бизнес өсті, кеңіді. Масштаб жасадық.  Команда, жұмысшылары өте көп. COVID кезінде бизнес шарықтап ұшты. Одан сайын өсу үшін, даму үшін үлкен команда, үлкен офис керек болды. Миллиондаған доллар сол бизнеске кетті.

COVID-тен кейін табыс тұрақты болады деп ойладым, бірақ олай болмады. Шығын үлкен, табыс аз. Ақыры команданың тең жартысын қысқарттық.

Қазір жұмыс барысын өзгерттік. Мәселен, телефонда отыратын менеджерлер Қазақстан мен Грузияда отырып істесе, Moving жұмыстардың бәрін АҚШ-та отырып атқарамыз.

2017-2018 жылдары жұмыстың операциялық бөлімінің бәрін өзім жасадым. Трактар көбейген соң команда жинадым.

2019-2020 жылдары табыс артты. Сол кезде жұмыс істейтін адам табу қиын болды. Ал клиент ағылып жатты.

– Жалпы жылдық табыс және айналым қандай?

– Былтыр жалпы жылдық айналым 13 000 000 АҚШ долларын құрады. Соның 15-20%-ы – менің таза табысым.