Ағылшын тілінде білім алғысы келетін ұстаздар үшін жеке гранттар беріледі – БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағылшын тілінде білім алғысы келетін ұстаздар үшін жеке гранттар беріледі – БҒМ

Ағылшын тілінде білім алғысы келетін ұстаздар үшін жеке гранттар беріледі – БҒМ

Алғаш рет педагогикалық мамандық иелеріне арналған 1 мың грант бөлу қарастырылып отыр. Олар ағылшын тілінде білім ала алады. Басымдық математика бағытындағы ұстаздарға беріледі. Ал физика, информатика, химия, биология пәндерінің мамандары үшін жеке грант бөлінеді.

  • 30 Маусым 2017
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы аптаның басында «Казахстанская правда» мен «Егемен Қазақстан» республикалық газеттерінде «2017-2018 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысы шықты. Осыдан жалпы гранттардың санын бакалавр, магистратура, докторантураға қалай бөлінгенін білуге болады», — деді ол.

Сонымен қатар Гүлзат Көбенова елімізде 3 тілді жетік меңгерген ұстаздардың санын арттыру үшін қосымша гранттар бөлінгенін атап өтті.

«Өткен жылмен салыстырғанда биыл оқу тілін ағылшын тілінде таңдауға болады. Алғаш рет педагогикалық мамандық иелеріне арналған 1 мың грант бөлу қарастырылған. Олар ағылшын тілінде білім ала алады. Сіздер 3 тілді терең меңгерген ұстаздарды дайындау міндеті жүктелгенін білесіздер. Алдымен ағылшын тілінде білім алатын ұстаздар математика бағытында болады. Ал физика, информатика, химия, биология пәндерінің мамандары үшін жеке грант бөлінеді», — деп түйіндеді сөзін Гүлзат Көбенова.


Соңғы жаңалықтар