Ағылшын тілінде сөйлейтін қытайларға ешкім "Әй, шалақытай, неге қытайша сөйлемейсің?" демейді - Әнуар Нұрпейісов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағылшын тілінде сөйлейтін қытайларға ешкім "Әй, шалақытай, неге қытайша сөйлемейсің?" демейді - Әнуар Нұрпейісов

Ағылшын тілінде сөйлейтін қытайларға ешкім "Әй, шалақытай, неге қытайша сөйлемейсің?" демейді - Әнуар Нұрпейісов

Белгілі актер Әнуар Нұрпейісов әлеуметтік желіге өзінің видеосын жариялады. Онда Сингапур туралы айтылып жатыр. Осы елді мақтаған актер ондағы халықтың басым бөлігі қытай ұлтының өкілдері екенін жеткізген.  

  • 24 Қаңтар 2017
  • 3822
Фото - Caravan.kz

"Сингапур ел емес. Бұл бір өзгеше планета. Еуропа мен АҚШ-тан кейінгі таң қалатын жер — осы Сингапур. Онда негізінен қытай ұлтының өкілдері тұрады. Олардың көбі ағылшынша сөйлейді. Басым бөлігі ағылшын тілін өте жақсы біледі. Ең қызығы, оларға ешкім "Әй, шалақытай, неге қытайша сөйлемейсің?" деп айтпайды. Тіпті Сингапурды аяғынан тұрғызған ұлы реформатор Ли Куан Юдың өзі ана тілінен гөрі ағылшын тілінде жақсы сөйлеген" дейді Әнуар. 

Актердің бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырып жатыр. Солардың арасында қоғам белсендісі Қанат Тасыбеков былай деп жазыпты: "Әнуар бауырым, тіпті Гонконг, Малайзия және Сингапурдағы миллиондаған қытай өз тілін ұмытып қалса да, одан қытай тіліне түк қауіп жоқ. 1,5 миллиард қытайы бар. Ал Қазақстанда қазақтар ағылшынша үйреніп, өз тілін ұмытып қалса, не болады? Қазақ тілін қайда сақтап қаламыз. Моңғолияда ма, Қытайда ма?".


А вы что думаете на этот счёт? #сингапур #шалақытайцы

Posted by Anuar Nurpeisov on Thursday, January 19, 2017

Соңғы жаңалықтар