Кішкентай қыз желіде ағылшынша санап отырып, “91” санына келгенде Ninety one тобының әнін орындап, жұртты күлкіге бөледі. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы жазды.
Кішкентай қыздың анасымен сабақ оқып отырған сәтте болған күлкілі оқиғаны әнші Мәдина Сәдуақасова бөліскен.
Әнші “Ұқсамасаң тумағыр, құрдасымның қызы “өлтірді” мені”, – деп жазба қалдырыпты. Оны көргендер бүлдіршіннің Тұрсынбек Қабатовтың қызы екенін айтуда.Бірқатары 91 тобының әндеріне кішкентай балалардың да уланғанын айтуда.