Ағымдағы жылдың аяғына дейін парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың аяғына дейін  парламентке  43 заң жобасы енгізілуге тиіс

Ағымдағы жылдың аяғына дейін парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Ағымдағы жылдың аяғына дейін парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс. Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz



«Қазірде парламенттің қоржынында үкіметтің бастамасымен жасалған 20 астам заң жобасы бар. 2007-жылға арналған үкіметтің заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына сәйкес, парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс», — деді Қ. Тоқаев. «Алда ауқымды заң шығару жұмыстары тұр», — деді ол.

Сенат спикерінің айтуынша, «жылдың аяғына дейін жалпыхалықтық маңызы бар екі кодекстің — «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» және «Неке және отбасы туралы» кодекстердің жобасы енгізілуге тиіс». Парламент бұған қоса «мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруға бағытталған заң жобалары : әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт, кітапхана ісі, жеке кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілік аясын шектеу секілді салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін заң жобаларын қарауға тиіс».