деп санайды энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.
"Биыл екінші тоқсан бойы, тамыз айына дейін Ресейде жанар-жағар майдың бағасы үздіксіз өсіп отырды, Аи-92 бензин бағасы наурыздағы 149 теңгеден шілденің соңында 165 теңгеге жетті. Осы уақыт бойы қазақстандық баға тұрақты 115 теңге деңгейінде болды", деді ол сәрсенбіде Астанада жанар-жағар майдың бөлшек сауда рыногындағы ағымдағы жағдайына байланысты өткен баспасөз мәслихатында.
"Дефицит эскалациясына жол бермес үшін үкімет Аи-92 бензин литрінің бағасын 128 теңге деп белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл рынокты отынның керекті мөлшерімен толтыруға ықпал етуге тиіс", деді ол.