АИ-92 маркалы бензинді Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АИ-92 маркалы бензинді Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды

АИ-92 маркалы бензинді Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды

Павлодар облысында 480 тоннадан астам жанар-жағармайды «еріткіш» ретінде сыртқа шығармақ болғандар ұсталды.

  • 17 Қараша 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу кезінде Ресей Федерациясына 480 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді.

Тергеу барысында бензинді «еріткіш» түрінде теміржол цистерналары арқылы тасымалдау жоспарланғаны анықталды.


Бензинді сату келісімшартының жалпы сомасы – 2,8 млрд теңге.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар