"Air Astana" Алматы-Астана рейсінің жолаушыларына өтемақы төлеуге әзір
"Air Astana" авиакомпаниясы 12-маусымда кешіктіріліп ұшырылған Алматы-Астана (KC 855) рейсінің жолаушыларына келтірілген ыңғайсыз жәйттер үшін өтемақы төлеуге әзір. |
"12-маусымда KC 855 рейсі бойынша техникалық себептерге орай "Боинг 767 - 300" орнына адам азырақ сиятын "Боинг 757 - 200" ұшырылды. Осы орайда ол ұшаққа 65 адам сыймай қалған", делінген дүйсенбіде авиакомпаниядан таралған хабарламада.
Қалған жолаушылар "Air Astanaның" қосымша рейстерімен астаналық 20:00 және 22:30 сағатта ұшырылды.
"Авиакомпания келтірілген жайсыз жәйттер үшін кешірім сұрайды және кешігіп ұшуға мәжбүр болған жолаушыларға өтемақы мәселесі бойынша клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімге customer.relations@airastana.com" электронды адрес бойынша хабарласуды өтінеді, делінген хабарламада.
Air Astana - "Самұрық-Қазына" қоры мен ағылшындық BAE Systems PLC компаниясының бірлескен кәсіпорны, қатысу үлестері сәйкесінше 51% және 49% акция.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін