Жарияланды: 350

Air Astana ішкі рейстердің бағасын көтермейтін болды

Air Astana ішкі рейстердің бағасын көтермейтін болды

«Air Astana» әуе компаниясы әзірге ішкі әуе рейстерінің бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқ.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында компанияның корпоративтік коммуникациялар бойынша вице-президенті Белла Тормышева мәлімдеді.

«Қазір барлық баға валютаға тәуелді, оны біздің сайттан көре аласыздар. Ал тарифтер бұрынғыша қалып отыр. Бізде жастар, зейнеткерлерге арналған және өзге де тарифтер бар. Ішкі рейстердің бағасы әзірге өзгермейді», – деп хабарлады Тормышева тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Компанияның вице-президенті еске салып өткендей, халықаралық әуе рейстерінің бағасы 25 пайызға дейін көтерілген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін