Алайда жағдай қаншалықты жағымсыз болса да, мысық діттеген жеріне аман жеткен еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ал Air Astana жолаушысына мұндай сәттілік бұйырмады.
2024 жылдың сәуірінде ол Алматы–Орал бағыты бойынша ұшып, өзімен бірге Малинка есімді итін алып шыққан. Ит арнайы торға орналастырылып, жүк бөліміне тапсырылған. Бірақ жолаушы багажды алу орнына келгенде, оған бос тасымалдау жәшігі берілген.
«Әуежай қызметкерлері ит авиабоксты ашып, қашып кеткенін хабарлады», – делінген сот құжатында.
Есеңгіреп қалған жануар иесі полицияға жүгінген.
«Жолаушыларды түсіру және жүкті түсіру кезінде әуежай қызметкерлері багаж бөлімінен итті босатып жіберген, кейін ол жоғалып кеткен», – деп анықтаған полиция.
Құжатта оқиғаның егжей-тегжейі де көрсетілген: сағат 23:40-та қызметкерлер ит тұрған торды ұшақтың жүк бөлімінен түсірген, ал 23:46-да «ит тордан өздігінен шығып, Орал қаласы әуеайлағының аумағына жүгіріп кеткен. Әуежай қызметкерлері итті іздеуге көмектескенімен, нәтиже болмаған».
Авиабокс – жануарларды тасымалдауға арналған арнайы жәшік. Мұндай торлар жануардың сыртқа шығып кетпеуі үшін арнайы жасалады. Алайда бұл жағдайда ит тұрған жәшіктің құлпы ашық болған. Оның қалай ашылғаны белгісіз.
Әдетте тасымалдау жәшігі тасымалдау немесе түсіру кезінде зақымданса өздігінен ашылып кетуі мүмкін. Бірақ сот құжатында мұндай жағдай туралы айтылмаған. Сондықтан иттің контейнерді ішінен қалай ашып шыққаны түсініксіз күйінде қалған.
Іздеу жұмыстарына қарамастан, Малинка табылмаған. Осыдан кейін иесі сотқа жүгініп, 1 миллион теңге материалдық шығынды, 5 миллион теңге моральдық өтемақыны, сондай-ақ жоғалған жануарды тасымалдау үшін төленген 18 мың теңгені және сот шығындарын өндіруді талап еткен.
Нәтижесінде сот тек соңғы екі талапты қанағаттандырып, моральдық зиян үшін 500 мың теңге өтемақы тағайындаған.
Осылайша, үй жануарларын ұшақпен тасымалдауды жоспарлаған иелерге мүмкіндігінше берік, құлпы сенімді тасымалдау жәшіктерін таңдап, қосымша қауіпсіздік шараларын қарастырған жөн.