Әйелдер де әскерге шақырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер де әскерге шақырылуы мүмкін

Әйелдер де әскерге шақырылуы мүмкін

Данияда 2025 жылғы 1 шілдеден соң 18 жасқа толған қыздар 2026 жылы әскерге шақырылуы мүмкін

  • 26 Наурыз
  • 19
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Deutsche Welle телеграм-арнасы таратқан мәліметке сәйкес, бұл туралы елдің қорғаныс министрі Троелс Лунд Поульсен мәлімдеген.

Бұған дейін Данияда міндетті әскери қызметке тек ерлер ғана шақырылған. Іс жүзінде де шұғыл әскери қызметке барлық даниялықтар келе бермейді, себебі әскерге өз еркімен баратындардың қарасы көп.

Осы орайда, 2026 жылы тамыз айынан бастап Данияда шұғыл әскери қызметтің мерзімі төрт айдан он бір айға дейін ұзартылады.

Дания әйелдер үшін әскери қызмет міндетті болатын Еуроодақтың екінші мемлекетіне айналады, — делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Швецияда әйелдер 2017 жылдан бері әскерге шақырылады. Еуропалық одаққа мүше болмағанымен, НАТО құрамына кіретін Норвегияда да әйелдер ерлермен қатар қару асынып, әскери борышын өтеуге міндеттелген.