"Әй, ит! Ашпа тоңазытқышты":Орыс мектебінде оқыған қазақ баласының тәрбиесі туралы Оразкүл Асанғазының пікірі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әй, ит! Ашпа тоңазытқышты":Орыс мектебінде оқыған қазақ баласының тәрбиесі туралы Оразкүл Асанғазының пікірі

"Әй, ит! Ашпа тоңазытқышты":Орыс мектебінде оқыған қазақ баласының тәрбиесі туралы Оразкүл Асанғазының пікірі

Орыс мектебіне қазақ балаларын оқытуды жөн санамаған Оразкүл Асанғазы ханымның желіде тараған видеосына халық екіұшты пікір айтуда. 

  • 9 Ақпан 2021
  • 10292
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы желідегі ztb_kazakhstan парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Орыс класына баласын берген ата-аналар қарттар үйінде отыр. Сондықтан балаларыңды ешқашан мансап үшін орыс тілінде оқытпаңдар. Орыс класының табалдырығын аттаған қазақ баласының көкейінде эго пайда болады. Өзінің ұлтын, өзінің тілін менсінбейтін болады. Сондықтан, балалалрыңды адасып, балалалрыңды орыс класына апармаңдар, егер немере, шөберелеріңнің ортасында, төрде сыйлы болып отырғыңыз келсе балаларыңызды ешқашан орыс класына бермеңіздер", делінген видеода.

Сондай—ақ Оразкүл Асанғазы өзі куә болған бірнеше  келеңсіз оқиғаны мысал ретінде айтып берді.

Желі қолданушылары: "Қазіргі қарттар үйіндегі ата-аналардың балалары орыс мектебінде оқытқан соң, сол деңгейге жетіп отыр ма, "Мен орыс мектебінде оқыдым. Бірақ, мен ата-анама қарап, бағып отырмын",  "Қате пікір, мен қолдамаймын", деген сынды пікір жазса, екінші тарпа Оразкүл ханымды қолдап, орыс мектебіне қазақ балаларын оқытуға қарсы болды. 

Еске салсақ, Оразкүл Асанғазы мәжіліс депутаты болған, тіл жанашыры ретінде елге танылған. 

Соңғы жаңалықтар