"Ай сайын 50 миллион, 5 айдың ақшасын бірден төлейміз деді": Айнұр Тұрсынбаева туған сіңлісінің орамалды шешіп тастағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ай сайын 50 миллион, 5 айдың ақшасын бірден төлейміз деді": Айнұр Тұрсынбаева туған сіңлісінің орамалды шешіп тастағанын айтты

"Ай сайын 50 миллион, 5 айдың ақшасын бірден төлейміз деді": Айнұр Тұрсынбаева туған сіңлісінің орамалды шешіп тастағанын айтты

Айтыскер ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаева сіңлісін туған күнімен құттықтады.

  • 12 Қазан 2023
  • 90288
Фото - Caravan.kz

Ақын әлеуметтік желідегі құттықтау жазбасында екеуінің бірге Меккеге барғандағы қызықты оқиғаларын жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Туған сіңілім @ardasha10 .

Уағыз айтатын баланың миын ағызып, бір уағыз айтса 10 сұрақ қойып есін шығарды. " Осындай хадис точно бар ма, сен өзің оқыдың ба, жоқ, біреуден естідің бе, құранның қай бетінде жазылған" деген сұрақтарды естісе любой адам шаршайды ғой.  Ана бала сол жұмысқа қайдан кіріп едім деп өкініп кеткен сияқты болды, бір шыдамды баланы жіберіпті бізге.

Меккеге алғаш барып, өзі үшін, қайтыс болған апамыз үшін 2 рет кіші қажылық өтеді. Орамалды шешейін ба, тағайын ба деп 5 күн ойланып шешіп тастағаны болмаса бәрі жақсы. Орамалдың жауапкершілігі оңай емес қой, соны ойласа керек… Маған сен дым видео түсіре алмайсың деп қайта-қайта ренжіп бәле болды. Сосын неге бір көйлекті шешпейсің деп ұрысты. Қорыққанымнан бір көйлек алып киіп ем, "ой анауыңды кие берші, мынауың одан да жаман екен" көңілі түсіп кетті.

Кеше туған күні болды! НЛ компниясына 2016 да кіріп, 1 жылдың ішінде бүкіл компанияның саудасын 70% ке көтерген монстр. Әлемдегі ең мықты сетевиктердің 25 үздігінің қатарында!

Бір ерлігін айта кетейін! 2019 жылы бір Американдық компания келді Ардаққа, ай сайын 50 миллион төлейміз, 5 айдың ақшасын яғни 250 миллионды сразу төлейміз, біздің компнияны көтеріп беріңіз деді. Сонда Ардақ "НЛ-дегі командамды тастай алмаймын" деп үлкен ақшадан бас тартты! 

Қағбаның қасында жылап-еңіреп дұға жасап отырсам құлағыма сыбырлап "шығарған шәйіміз халыққа пайдалы болсын" деген дұғаны ұмытып кетпе дейді. Алла екі дүниеде жүзіңді жарық қылсын жаным", — деп жазды ол
 

Соңғы жаңалықтар