Жарияланды: 140

Айда ұялы байланыс пен ғаламтор желісі орнатылады

Айда ұялы байланыс пен ғаламтор желісі орнатылады

Бұл жобаны әзірлеуге SpaceX, Nokia және бірнеше ірі автоөндіруші компаниялар қатысады.

Енді сапалы байланыс, Full-HD-дағы сериалдар және онлайн ойындарды пайдалану мүмкіндігі 384 мың шақырым қашықтықта да қол жетімді болмақ. Ғалымдар LTE желісі бірнеше жылдан кейін айдың беткі қабатына орналатылады деді.

Бұл туралы TechCrunch хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Деректерді жоғары жылдамдықта тасымалдайтын LTE стандардын ғалымдар оның артықшылығына байланысты таңдады. Себебі  5G мен салыстырғанда LTE төтенше жағдайларда да жұмыс істегеніне қарамастан деректер тасымалдау жылдамдығын баяулатпайды. Соңғы кезде жоғары жылдамдықта қызмет ететін желі осы ғана болып тұр.

Ал айдағы ғаламтор желісінің нақты сипаттамалары әлі жарияланбайды. Бірақ сарапшылар ғарыштағы байланыс сериалдар мен онлайн ойындарға да жететіндей жылдамдықта болатынын атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін