Айдын Айымбетов ғарыш кемесіне алғаш кіріп, жаттығу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдын Айымбетов ғарыш кемесіне алғаш кіріп, жаттығу жасады

Айдын Айымбетов ғарыш кемесіне алғаш кіріп, жаттығу жасады

Бүгін Байқоңырда ғарышкер Айдын Айымбетов алғашқы жаттығуларын өткізді. Тура 10 күннен кейін орбитаға көтерілетін «Союз» кемесіне кірген ол, экипаж мүшелерімен бірге скафандрларын киіп, айтулы күнге әзірленіп жатыр.

  • 22 Тамыз 2015
  • 429
Фото - Caravan.kz

Бұл – ғарышқа көтерілер алдындағы соңғы дайындықтар. Ашық орбитаға ұшатын Айымбетов ресейлік және еуропалық әріптестерімен бірге ғарыш кемесінің мүмкіншіліктерімен танысып, атқарылатын жұмыстарды талқылап алды. Ал «Союздың» Байқоңырдан қыркүйектің 2-сі күні көкке көтерілетінін айта кетейік. Ондағы негізгі экипаж мүшелерінің бірі, 43 жастағы отандасымыз Айдын Айымбетов қазақ арасынан 21 жылдан кейін Орбитаға көтерілейін деп тұр. 

Соңғы жаңалықтар