Әйел алдамасын, алдаса ұрығыңды шірітіп жібереді: Еркектер жұбайы алдында қадірі жоқ екенін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйел алдамасын, алдаса ұрығыңды шірітіп жібереді: Еркектер жұбайы алдында қадірі жоқ екенін мойындады

Әйел алдамасын, алдаса ұрығыңды шірітіп жібереді: Еркектер жұбайы алдында қадірі жоқ екенін мойындады

Әйел алдамасын, әйел алдаса ұрығыңды шірітіп жібереді.

  • 13 Қараша 2018
  • 926
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы желідегі парақшаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қалада бір жігіттермен отырсақ, бір жігіт айтады:
— Ұстаз, бүгінгі сіздің уағызыңыз бізге қатты тиді ғой — деді, Мен:
— Неге? — дедім.
— Әйелдерің оранбайды деп айттыңыз, енді шамамыз келмейді ақиқат ол — десе, екіншісі айтып жатыр: дұрыс айтады шамамыз келмейді — дейді. Мен сонда:
— Орамал орамай-ақ, қатындарың шаштарын лысый қылып алып жүр деп айтайын ба? Не деп айтайын? — дедім. Сонда жаңағы жігіт айтады:
— Ең үлкен қателік өзімізде ғой, біздің әйеліміздің алдында да қадіріміз жоқ қой, ұстаз — дейді. Егер шынымен біздің қадіріміз болса, әйеліміз орамал ораған болар еді, ұзын көйлек киген болар еді, себебі біздің әйеліміздің алдында соншалық қадіріміз жоқ дейді. Мен сол жігіттерге ырза болдым, бірақ сол жігіттер жылады, себебі өзіміз ішеміз, өзіміз құмар ойнаймыз, өзіміз бөтен қатындарға барамыз, неше рет ұсталып та қалдық, қайтіп біздің қатынымыз бізді тыңдайды, баяғыда ғой ұрып-теуіп, сындырып тастайтын… Қазір сотқа беріп, түрмеге тығып тастайды, екі ұрып есіңді кіргізіп қояды — дейді. Қазір ұрудан да қалдық, енді қатын бізден сұрамайды, қалағанын істейді… Міне қараңыз, қай дәрежеге түсіп кетті, сол үйдегі әйеліміз жаман емес, әйеліміз жақсы. Бізге осыншалық бойсынып, 18 жыл өзінің үйінде өсіп келіп, біздің есігімізге келіп, біздің айтқанымызды істеп, бізге бала туып беріп отырған әйел жақсы… Бірақ оны жаман қылатын міне сіз бен біз — еркектер. 
Еркектерде ар-намыс болмағаннан кейін бітті ол. Бір рет алдайсың, екі рет алдайсың, үш рет алдайсың… Ол әйел кісі қашанға дейін алданады?! Ол да сені алдайды, жаман алдайды бірақ, оның қалай алдағанын да сезбей қаласың, ол сенің ұрығыңды шірітіп жібереді. Әйел алдамасын, алдаса ұрығыңды шірітіп жібереді.
Бір әйел кісі звондап жатыр…
— Ұстаз, мені кешіріңіз… Мен өте бір жаман іс істедім. Өзімнің күйеуіммен өмір сүремін, қайтейін, жұмыс істемей анау дейді, мынау дейді, ішіп келеді… Менің бір баяғыда жүрген сыныптасым бар еді, сонымен ойнастық қылып көтердім, мен арамнан бала көтердім. Енді оған айта алмаймын ғой, ол өзі ғой мені соған мәжбүр қылған. Қашан көрсең алдайды, арбайды…

Кейін мен бір күні одан: "Мына қарнымдағы бала сенен екендігіне күмән қылмайсың ба?" десем, "Жоқ, бұл менікі" дейді. Мен бетіне түкіріп жібергім келді, себебі ол оның баласы емес, ол менің сыныптасымнан болған — дейді.


Әйел алдамасын жігіттер, әйел алдамасын!!! Біле алмайсың оны, неге ЦРУ-дің адмиралы болмайсың, оны ұстай алмайсың. Ол сенің ұрығыңды шірітеді, ертең сенен харам бала пайда болады, білмей қаласың, сезбей қаласың, сол үшін ер кісі сөзіне адал болу керек, сөзіне шыншыл болуы керек, үйде үйдің отағасы болуы керек, сол үйдің еркегі болуы керек… Тауық секілді болмай қалды ғой. Міне, мысалы, тауықтың қоразы бар. Басқа тауықты жақындатпайды тауықтарына, біз одан да төмен болып бара жатырмыз. 
Неге?!

Дінімізді білмегендігімізден, шариғатымызды білмегендігімізден, таңертең өліп ұйықтағандығымыздан, айуандар да тұрады қараңызшы, ит те тұрады, есек та тұрады, тауық та тұрады, бірақ біз өліп жатамыз да аузымыздан суымыз ағып, өліп жатамыз… Міне осыдан кейін бізді қатындар бір тиынға алмайды…"
Ұстаз Абдуғаппар Сманов

 

                                                                                                                                      

Соңғы жаңалықтар