Жарияланды: 760

«Әйел қырық шырақты» сериалы шиеленісе түсті

Бала-шағаны асырау әйел үшін оңай емес. Әсіресе, отағасынан айрылған кезде. «Әйел қырық шырақты» телехикаясының кезекті бөлімі жалғызбасты ананың жаңа өмір бастауға деген талпынысы туралы болмақ.

Үй қызметшісі болып істейтін Алтынай өз бақытын кездестірдім бе деп жүргенде, бұған жігітінің қарындасы қарсы болады. Тіпті, екеуінің арасына от салу үшін ойға кірмейтін құйтырқы әрекетке барады. Бақытын аңсаған екі адам енді қайтпек? Шиеленістің немен шешілетінін білгіңіз келсе, ертең 19:30-телехикаяның кезекті бөлімін көріңіздер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін