Спортшы "тек тхэквондоны, қауіпсіздікті және бақытты өмір мен мықты денсаулық қалайтынын" жазды. 21 жастағы спортшы енді Нидерландының атынан өнер көрсетпек.
Айта кетейік, Кимия Ализаде 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола жүлде еншілеген.
Бұған дейін Ираннан дзюдодан әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері Саид Моллаеи кетіп қалған болатын. Өйткені спортшы 2019 жылғы Токиодағы әлем чемпионатында Иран билігінің қысымы арқасында жартылай финалда әдейі жеңілуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Себебі, финалға шықса израильдік Саги Мукимен кездесу мүмкін болатын. Осы күні Моңғолия құрамасымен бірге жаттығып жүр.