Бұл сауалға экономист әрі журналист Дәулет Мұқаев өзінің instagram желісіндегі парақшасында жауап берді.
"Әйелдер зейнеткерлікке ерте шыға алатын жағдайлар:
1. 50 жасқа толғанда зейнетақы жинақтарының 14 млн жетуі арқылы зейнетақы ануитетін алу;
2. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер", — деді Дәулет Мұқаев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру мәселесін айтып, кейін Еуропа мемлекеттерінің тәжірбиесін мысалға келтіргенін айтып, өз сөзін жоққа шығарған болатын.