Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады

Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады

Қазақстанда әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайтын болады.

  • 9 Маусым 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастырады, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мұндай вагондар №3/4 "Астана — Алматы", №33/34 "Алматы — Ақтөбе" және №71/72 "Астана — Шымкент" бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі", — делінген хабарламада.

Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып No77/78 "Алматы — Маңғыстау" және No351/352 "Алматы — Өскемен" пойыздарының жолаушылары бағалады. 2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Олар No37/38 "Маңғыстау — Семей", No47/48 "Астана — Атырау" және No45/46 "Павлодар — Түркістан" пойыздарының құрамында жүре бастады.


Соңғы жаңалықтар