Әйелдердің төсін үлкейтуге жеңілдік жасалған: Алматыда карантин кезінде «пысық» клиникалар пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдердің төсін үлкейтуге жеңілдік жасалған: Алматыда карантин кезінде «пысық» клиникалар пайда болды

Әйелдердің төсін үлкейтуге жеңілдік жасалған: Алматыда карантин кезінде «пысық» клиникалар пайда болды

Алматыда карантиннің күшейтілгеніне қарамастан, кейбір моншалар, сұлулық салондары мен пластикалық ота жасайтын жеке клиникалар қызметін тоқтатпаған.

  • 7 Сәуiр 2020
  • 63
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, соңғылары жаңадан кеуде салуға жеңілдік жариялап, қыз-келіншектерді одан сайын қызықтырып жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарладйды.

Қызығы сол, карантин басталғалы екі аптадан асса да, төбе көрсетпеген құзырлы органдар түсірілім тобы барғаннан кейін ғана аяқ асты пайда бола кетті.

Карантинмен бірге жеке меншік клиникалар да қалыспай, қарқынын күшейтіп жатыр. Мәселен, осы айда қыз-келіншектерге кеудесін үлкейтуге жаппай жеңілдіктер жарияланған. Небәрі екі күн бұрын пайда болған жазбада, тіпті, қарызға жасату мүмкіндігі жазылған. Тек клиникаға келсеңіз болғаны. Ал біреулері ендігі екі апта ғана уақытыңыз қалды деп одан сайын асықтырыпты. Теларна тілшілері қыз-келіншектерді шақырған клиникаға біз де бас сұққан. Бірақ, кеуде салдыру үшін емес, қателіктің кеткеніне көз жеткізу үшін. Сөйтсек, жарнамасы алдамапты. Клиниканың есігі айқара ашық тұр. Ал карантин туралы ескертпенің орнына клиенттерге бетті тартқызатын отаның құны жазылған қағаздар ұсынылған. Бірақ түсірілім тобын көре сала, компания басшысы азар-безер болды.

Азаматтарды қабылдап, не ота жасап жатқан жоқпыз. Қызметкерлерді еңбек демалысына жібердім. Бәрі үйінде. Тек карантиге дейін ота жасалған пациенттердің жібін алып, жарасын таңу үшін тек бір ғана кезекші дәрігерді алып қалдық
, — деді пластикалық хирургия және косметологиялық клиниканың бас директоры Болат Бөлдекбаев.

Ал соңғы ота бір ай бұрын жасалыпты. Бірақ, оған дәлел болатын құжатты көрсете алмады. Айтуынша, науқастарды тіркейтін журналды қызметкерлердің бірі үйіне алып кеткен. Жаңа кеуде туралы жарнама құзырлы органдарды да қызықтырса керек. Карантин басталғалы екі аптадан астам уақыт өтсе де, олар енді ғана төбе көрсетті.

Бұдан басқа да клиникалардың ашық тұрғаны белгілі боп қалды. Бірақ, олар да карантиннен кейін клиент «қабылдамадық» деп ақталды. Ал жұмысқа гүлдерге су құю үшін келіпті-міс. Алматылық жезөкшелер де бұл күндері жұмыста жүр. Осылайша өткен демалыста моншада жігіттерді карантин кезінде шомылдырып жүрген бір топ түнгі көбелек ұсталды. Павлодар тұрғыны өз үйін кинотеатрға айналдырған. Бір ғана сеансқа 10-нан астам адамды кіргізіп шығарған. Ол жігітті тәртіп сақшылары 10 тәулікке қамауға алды. Одан бөлек, өзгелердің денсаулдығына қауіп төндіргені үшін қомақты айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар