Жарияланды: 870

Әйелдерге арналған интернет-портал ашылатын болды

Әйелдерге арналған интернет-портал ашылатын болды

Алдағы сенбі күні, яғни 1 қазанда әйелдерге арналған қызықты әрі пайдалы ақпарат тарататын қазақ тілді Ikerim.kz сайты ашылады. Оның бас редакторы әрі негізін салушы- танымал журналист және тележүргізуші Айгүл Мүкей.

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

«Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы ғаламтор пайдаланушылардың 52,2 пайызы әйелдер. Ал оның 19,1 пайызы – 25 пен 34  жастағылар (бұл Қазнеттің ең ірі буыны). Қазақстандағы «орташа» ғаламтор қолданушыларының дені 25 жаста және одан жоғары екені белгілі болады. Осы үшін де елдің ең басты интернет қолданушылары – әйелдерге арналған сайт жасауды қолға алдық» дейді интернет-портал өкілдері.

Олардың айтуынша, Ikerim.kz күн сайын тың жаңалықтар және өнер жұлдыздарының әсерлі сұхбаттарымен толығып отырады. Сонымен бірге, оқырмандардың алғашқы махаббаты, жеке жеңістері мен отбасындағы қиындықтары туралы материалдар жарияланбақ.

Жыныстық қатынас, қаржылық тұрақтылық, бала тәрбиесі, әйел денсаулығы, үй шаруашылығын жүргізу туралы пайдалы ақпараттар да бар. «Біздің жігіттер» айдарында қазақстандық жұлдызды жігіттер жайлы ең қызықты ақпараттарды білсеңіз, «Туған өлке» айдарында өз туған жеріңіз туралы айтып, «Өмір-өзен» айдарында жеке басыңыздағы оқиғаларыңызбен бөлісе аласыз.

«Жұлдыздар өмірінің «көлеңкелі тұстары» біздің сайтқа тән емес. Біз өнер жұлдыздарымен адами тұрғыда, шынайы әрі сенімді түрде пікірлесеміз» дейді сайт өкілдері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін