Әйелдерін ұрған ер азаматтар көше тазалауға жіберіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдерін ұрған ер азаматтар көше тазалауға жіберіледі

Әйелдерін ұрған ер азаматтар көше тазалауға жіберіледі

Өздерінің әйелдерін ұрған ер азаматтар көше тазалауға жіберілсін деген бастама көтерілді. Қазақстандағы әйелдер күші альянсы үйдегі қорлықты осылайша жеңбекші.

  • 13 Ақпан 2020
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Үйде жәбір көретін әйелдерге қараңыздаршы. Біз оларды жоғалтып отырмыз. Олардың денсаулықтарына зардап келеді, психологиялық күйзеліс тағы бар. Олар біздің қоғамға бейімделе алмай қалады", — деді Қазақстандағы күйзеліс орталықтары бірлестігінің төрайымы Зульфия Байсақова. 

Мамандар осы жағдайға байланысты зерттеу жүргізіпті. Нәтижесінде Қазақстандағы әйелдердің 40 пайызы өз құқықтарын білмейтіндігі анықталыпты. Сәйкесінше олар өздерін қорғай алмайды дейді сарапшылар. Бұған қоса әйелдерге жұмыста да қысым көрсетіледі екен. Еліміздегі азаматшалардың 59 пайызы қызметінде биік лауазымдарды бағындырмайтын көрінеді. Ал 45 жастан асқаннан кейін олар мүлдем еңбек етуге қауқарсыз деп танылады екен. Мамандардың сөздерінше, саясатта да жетекшілік етіп жүрген әйелдердің саны аз. Біз бұл мәселенің шешімін таптық дейді олар. 

"Біз халықаралық ұйымдармен, елішіліктермен келісім орнатпақпыз. Сөйтіп мемлекетіміздегі әйелдерді құқықтық жағынан тәрбиелеп, оларды бәсекелестікке қабілетті қылып шығарамыз. Түрлі тренингтер ұйымдастырамыз. Парламент сайлауына дейін саясаткер әйелдерді дайындап шығамыз деген ойдамыз", — деді Қазақстандағы әйелдер күші альянсының төрайымы Раушан Сәрсембай. 


Осыған байланысты елімізде әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасы әзірленді. Құжат нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін арттыруды көздейді. Жол картасында жазылған жоспар алдымен Алматыда жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар