Әйелдерінің етектерінен ұстайтын ынжық еркектер көбейді - Зейнеп Ахметова - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдерінің етектерінен ұстайтын ынжық еркектер көбейді - Зейнеп Ахметова

Әйелдерінің етектерінен ұстайтын ынжық еркектер көбейді - Зейнеп Ахметова

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қазіргі қоғамдағы мәселе жайлы сөз қозғады. 

  • 4 Шiлде 2022
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Зейнеп Ахметова журналист Назира Бердалының "Сырласу" бағдарламасына берген  сұхбатында былай деп қоғам жағдайын баяндады: 

"Ез еркектер,ынжық еркектер көбейді. Әйелі базаршы, еркегі қазаншы деген болды. Әйелінің етегіне тығылатын еркектер саны көбейді. 90 жылдардағы қысыл-таяң кезінде әйелдер дорба арқалап, білек сыбана сауда жасауға кірісті. Содан еркектердің бойы үйреніп, жалғасын тапты. Еркектер масылдыққа үйренді. Ер азаматтар иығын көтеру керек. Шаңырақ көтеріп, отау тіксе болды еркекке, қалғанын әйел ұқсатады, дейді Зейнеп Ахметова. 

"Бір-бір езді арқалап отырмыз", "Дұрыс айтасыз, апа", "Өз әйелдері ғана емес, жаны қиналмайтын жер болса, болды. Қазір ккебір еркектер түрі демейді, бір қара басын ойлап, жасына да қарамай жабысып алады. Намыс жоқ деген сөз. Сәл қиындыққа шыдамай, өз отбасынан қашып жатқандар да жеткілікті", деп жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, Зейнеп Ахметова — Бауыржан Момышұлының келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Бауыржан атамыздың бастан кешкендері жайлы қалам тербеп, кітап жазды.

«Шуақты күндер», «Бауыржан батыр», «Бабалар аманаты», «Әзіліңді сағындық» және бала тәрбиесіне арналған «Күретамыр» кітаптарының авторы.

 

Соңғы жаңалықтар