Жарияланды: 290

«Әйелді өлтіріп алмайтындай сабауға болады»

«Әйелді өлтіріп алмайтындай сабауға болады»

Қазақстандық имам уағыздарының бірінде әйелдерге қол көтеру турасында айтты.

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Имам Ризабек Батталұлының айтуынша, шариғат бойынша әйелді ұруға рұқсат берілген. Ол ер азаматтарға айтқанға көнбеген әйелдерді қалай дұрыс ұруға болатынын түсіндірді. Имамның айтқан уағызының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Пайғамбарымыз үйлеріңде қамшы ілулі тұрсын деген. Ата-бабаларымыздың төрге қамшы іліп қоятын болған. Әйел ол қамшыдан сескеніп жүреді. «Левый-правый» кетті ме, ол қамшының тиетінін біледі. Аталарымыз киімнің сыртынан осып жіберетін болған. Жоныңнан таспа тілем деген содан шыққан. Қайыстың ұшы тисе, жорғалап кетесің сен. Пайғамбарымыздың ол жайлы хадисі де бар. Егер насихатыңды тыңдамаса, сендерге жарақат салмайтын деңгейде ұруға рұқсат етіледі деген. Шариғат бойынша беттен ұруға болмайды. Бірақ желкесінен қысып қойсаң болады", — деп түсіндірді Ризабек Батталұлы.

"Бостық қылып, шектен шығарып алсақ, құдайдың алдында жауап береміз. Қатігездік танытып, бір жерін сындырып алсақ та жауапты боламыз», — деп түсіндеді ол.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін