Жарияланды: 830

Әйелдің негізгі миссиясы махаббат тарату - Айнұр Тұрсынбаева

Әйелдің негізгі миссиясы махаббат тарату - Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба қалдырды.

Ақын күйеуімен түскен суретін жариялап, әйелдердің миссиясы туралы жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әйел-әлем!
Әйел энергияны қалай таратады? Жасаған ісімен, ойлаған ойымен, сөйлеген сөзімен...

Әйелдің дәретпен, көтеріңкі көңіл күйімен жасаған тамағы жеген адамға да ләззат сыйлайды.. Әйелдің махаббатпен үтіктеген көйлегі жылу шашып тұрады.. Әйелдің сабырмен көтерген баласы да сабырлы болмақ.. Әйелдің қуанып жүріп жинаған үйі қандай сәулелі..?!

Әйел күлімдеп жүретін үй күн шығып тұрғандай жарқырап тұрады.. Әйелдің тілі тәтті болса шаңырағы шаттанып тұрады.. Әйелдің негізгі миссиясы махаббат тарату.. Тек қана күйеуіне емес! Айналасына, достарына, көршілеріне, балаларына... Қандай қиындық түссе де сабырын сақтап, күлімсірей білетін әйел өз құдыретін біледі..

Өзінің кез келген сұраққа жауап таба алатынын сезеді... Тіпті қиындыққа шарасыз болса да ол жеңетініне сенімді.. Себебі ол әйел Раббысына жақын... Аллаға арқа сүйеп үйренген әйел ешкіммен ренжіспейді, жауласпайды...

Аллаға деген махаббаты шексіз әйелдің энергиясын жақыны түгіл жат сезеді.. Сүйікті әйел дегеніміз Алланы сүйген, Алланың разылығы үшін адамзаттың бәрін сүйетін әйел... Адамның бәріне бақыт тілей білетін әйел даналыққа жетеді", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін