Әйелдің үстіне мұз құлады - видео қайда түсірілгені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдің үстіне мұз құлады - видео қайда түсірілгені белгілі болды

Әйелдің үстіне мұз құлады - видео қайда түсірілгені белгілі болды

 Қазақстандық әлеуметтік желілерде әйелдің үстіне мұз құлаған сәттің видеосы тарап жатыр.

  • 4 Сәуiр 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл видео Ресейде түсірілгені белгілі болды. "Новосибирск онлайн" хабарлауынша, оқиға 31 наурызда Новосібір қаласында болған.

Көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен әйелдің үстіне мұз құлады. Соққы салдарынан ол қимылсыз жатты, куәгерлер көмекке келді.

51 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.


Полицейлер оқиға орнын тексеріп, куәгерлерден жауап алды.

 

Соңғы жаңалықтар