Әйелі күйеуін екі жыл бойы қамауда ұстап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелі күйеуін екі жыл бойы қамауда ұстап келген

Әйелі күйеуін екі жыл бойы қамауда ұстап келген

Перуде, Хуауйан ауылында полиция жергілікті тұрғынды «әйелінің тұтқынынан» босатты, деп хабарлады The Metro. Зардап шегуші 86 жастағы Пабло Тамараис Коракильо екі жылын  лашық үйде қолы кісендеулі күйде өткізген.

  • 24 Сәуiр 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz

Босатылған Пабло полицейлерге әйелі өзін тастап кетеді деп қорыққаннан кейін осындай қадамға барғанын айтты. Осы уақыт ішінде зардап шегуші адам танымастай өзгеріп, қатты арықтаған. Құқық қорғау органдары оны тапқан кезде тіпті орнынан әрең қозғалған.

Полицияға әйелдің ақылға сыйымсыз мінез-құлқы жайлы  көршілері хабарлаған. Олар әйелдің ерінің қолына кісен тағатынын анда-санда байқаған, бірақ жаман ойға  бой алдырмаған, ал тұрақты кісендеп ұстағанынан бейхабар болған. Әйелдің әрекетінен секемденген көрші    ер адам полицияны шақыруды жөн санаған.

Тұтқын босатылып, қазір ауруханада жатыр, ал оның жұбайы қайда, оны қандай жаза күтіп тұр, ол жағы белгісіз.