Әйелі күйеуіне тоқал сыйлап, полициядан бір-ақ шыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелі күйеуіне тоқал сыйлап, полициядан бір-ақ шыққан

Әйелі күйеуіне тоқал сыйлап, полициядан бір-ақ шыққан

Өзбекстанда әйелі күйеуінің туған күніне орай ерекше тосын сый жасап,  тоқал сыйлаған. 

  • 17 Тамыз 2023
  • 131
Фото - Caravan.kz

Алайда, ерекше сыйлық жасаймын деген әйел полиция бөлімшесінен бір-ақ шыққан. Себебі, Өзбекстан Республикасында көп әйел алуға заңмен тыйым салынған, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы. 

Кейінгі кездері әлеуметтік желілерде қыздар қауымына жігіті немесе күйеуінің бағалы сыйлықтар табыстайтын видеолары ерекше танымалдылыққа ие болып жатыр. Жігтітің жомарттығын, қыз баланың шынайы эмоцияларын көрсететін мұндай видеоларды әлеуметтік желілерден күнде көріп жүрген боларсыз. Алайда, Өзбекстан азаматшасы өзгелерден түбейгейлі ерекшеленгісі келсе керек күйеуінің туған күніне тосын сый ұйымдастырып, мерекелік кештің қақ ортасында оған екінші әйел сыйлаған. 

Видеодан әйелдің сыйлықты барынша мұқият дайындағанын байқауға болады. Ол қалыңдық көйлегін киген жас қызды үлкен сыйлық қорабына салған. Сыйлықты ашқан кезде күйеуі де қуанышын жасыра алмаған. 

Алайда, видео әлеуметтік желіде тарала бастағанда күйеуіне тоқал сыйлаған әйелді полиция бөлімшесіне шақырып, полиция қызметкерлері Өзбекстанда көп әйел алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізген. 


Кейіннен блогер көпшіліктен кешірім сұрап видео жариялаған.  Видеода ол мұның барлығы пранк, яғни қалжың болғанын, күйеуіне тоқал әперетін ниеті жоқ екенін айтқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны бір жолға кешіріп, үйіне жіберген.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасының отбасылық кодексі бір уақытта екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруға тыйым салады. Заңға бағынбаған жағдайда  айыппұл салу, түзеу жұмыстары немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар