Жарияланды: 370

Әйелін өртеп жібермек болған азаматты сот ауыр жазаға кесті

Үйінен қуып шыққаны үшін әйелінің үстіне бензин құйып, тірідей өртеп жібермек болған азаматты сот ауыр жазаға кесті. 46 жастағы әйелге сезімін білдіріп, кейін пәтерінен пана тапқан Әзірбайжан азаматы енді өмірінің жеті жылын абақтыда өткізеді.

Оқиға осыдан жеті ай бұрын орын алған. Любовь Трусованы азаматтық некедегі күйеуі көптің көзінше үстіне бензин құйып, өртеп жібермекші болған. Денесінің біраз бөлігін күйік шалған әйел ажалдан аман қалды. 31 жастағы Рамил Гашимов кәсіпкер әйелінің “жатыпішер жалқаусың” деп, пәтерінен қуып шыққаны үшін кек алмақшы болған. Енді істеген ісіне лайықты жазасын алды. Сот Қарағанды облысында заңсыз жүргенімен қоймай, кісі өлтіре жаздаған Әзірбайжан азаматын 7 жылға темір торға тоғытты. Ал  жеке өмірінде жолы болмаған Любовь Трусованы енді бірнеше пластикалық операция күтіп тұр. Бұрынғы ғашығынан бір тиын да  шығын  өндіре алмағандықтан, ол бар қаржыны өз қалтасынан шығаруға мәжбүр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть