Жарияланды: 250

Әйелін қызғанбайтын еркек жәннатқа кірмейді

Әйелін қызғанбайтын еркек жәннатқа кірмейді

Әйелін қызғанбайтын еркек жәннатқа кірмейді.

Қызғаныш сезімінің аясы кең. Алайда ең әйгілісі жұбайлар арасында болғандықтан, біз осыған тоқталмақпыз. 
Қызғаныш – жаратылыс тұрғысынан адам бойында бар сезім. Ислам діні жұбайлар арасында қызғаныштың болуын қайта құп көреді. Бірақ әрине оның өлшемі болуы тиіс. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by {حاديث القدسية} Хадис құдси (@khadisi_kudsi) on

Аммар ибн Ясир (р.а.) жеткізуде: 
Ардақты пайғамбар (.ﷺ ): «Үш кісі ешуақытта жәннатқа кірмейді: 
Дәйіс (әйелін қызғанбайтын еркек), еркекшора әйел және араққа салынған маскүнем, – деді. 
Көпшілік: – Уа, расулалла, маскүнем кім екенін білеміз, дәйіс деген кім? – деді. Сонда Пайғамбар (.ﷺ): – Отбасына кімнің кіргеніне мән бермейтін адам, - деп түсіндірді». Адамда ашу күшінің болуы оның өз жанын, отбасын, мүлкін қорғауға бағытталған. Егер осы сезімге әсіре берілсе, ол адам озбыр жанға айналады. Осы секілді қызғаныш сезімінің берілу мақсаты – жұбайлардың бір-бірінің арын қорғауы, оларды әдепсіз жандардың жаман ойы мен сұғынан қорғау, үйленгеннен кейін өзара құрметте жатыр. 
Әйел кісі көбіне қорғануды қажет ететіндіктен, оны қорғайтын сауыт есебіндегі ер кісідегі қызғаныш сезімі анағұрлым күшті. Ұлы Жаратушы берген хикмет тола осы қызғаныш сезімі өз шегінен аспаған уақыттарда жақсы, алайда шегінен асқан уақытта кеселге айналады. Құран мен сүннеттің белгілеген шегінен асқандар, өмір бойы күдік пен күмәннан арылмай, қиналып өмір сүреді. 
Өте анық себеп болмастан жұбайлардың бір-бірінен күмәндануы оларды кеселге ұшыратуы мүмкін. Бұндайлар Құранда аталған «арам ойлау» мен «біреудің кемшілігін тіміскілеу» кінәсі үшін жауапқа тартылады. 
Қызғаншақтықтың небір түрлерін кезіктіресіз. Таңертең үйден шығып бара жатып перденің ашылып-ашылмағанын бақылау үшін белгі қойып кететіндер, үйге келгенде душты, сабынға мұқият қарайтындар, жұбайларын ешкіммен сөйлестірмейтіндер, асықса да жалғыз таксиге отыртпайтындар, жұмысына жиі телефон шалып бар-жоғын қадағалайтындар т.б. 

                                                                                                                                      Ақпарат көзі: khadisi_kudsi

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть