«Әйелін қызғану деген бар»: Диета.кз тобының әншісі келіншегін неге көрсетпей жүргенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әйелін қызғану деген бар»: Диета.кз тобының әншісі келіншегін неге көрсетпей жүргенін түсіндірді

«Әйелін қызғану деген бар»: Диета.кз тобының әншісі келіншегін неге көрсетпей жүргенін түсіндірді

"Диета KZ" тобының әншісі Нұрбақыт Қарағай 30 миллион теңгеге салған зәулім үйін көрсетті. Әншінің айтуынша, ол үйді былтыр тамыз айында бастап, 3 айда салып бітірген екен.

  • 9 Сәуiр 2021
  • 738
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медтиа порталы хабарлады.

Қазір Нұрбақытытң екі ұлы бар, енді үшіншісін күтіп жүр екен. Орамал тақан әйелін мен балаларын бірінші рет көрсеткен әнші, өзін бұған дейін көпшілік бойдақ деп ойлап жүргенін айтты. Ал келіншегін көрсетпеу себебін «Опмай-опмай» бағдарламасында былай түсіндрді:

«Бізде мұсылманда әйелін қызғану деген бар, әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді, ол шошқамен тең деп айтады. Мынау менің әйелім деп көрсетіп жатқан нәрсе, «әй, еркектер келіңдер мынау менің әйелім» дегенмен бірдей»,- деді Диетк.кз тобының әншісі.

Келіншегі есімі Кенже. Мамандығы дәрігер. Нұрбақыт болашақта орамал таққан күйінде жұмысқа алса болашақта мамандығы бойынша қызмет істеуіне рұқсат беремін деп отыр.

Жалпы карантин кезінд құрылыс жүргізу қиынға соққан. Көп нәрсе қымбатқа түскен. Әуелгіде 17-18 млн кетеді деп жоспарлаған, бірақ үйді толық аяқтау үшін 30 миллион теңге кетіп қалған көрінеді.

Бұған қоса әнші қазіргі салмағының қанша екенін айтқысы келмеді. Бірақ өсіп бара жатса жүгіріп азайтып отырады екен.

"Әйелі білімді екен, сөзі дұрыс", "Құтты болсын үйлеріңіз!! Өте тәрбиелі кісілер екені көрініп тұр,бақытты болыңыздар!", "Керемет! Іші жанға, сырты малға толсын!",- деп жазды желідегі оқырмандар.

 

 

Соңғы жаңалықтар