Әйелін ұрған астаналық азамат 1,2 млн айыппұл төлейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелін ұрған астаналық азамат 1,2 млн айыппұл төлейтін болды

Әйелін ұрған астаналық азамат 1,2 млн айыппұл төлейтін болды

Іс қозғалған жағдай 2017 жылы 1 шілдеде болған.

  • 2 Наурыз 2018
  • 193
Фото - Caravan.kz

Астана қаласында сот әйеліне қол жұмсаған азаматқа 1 202 500 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс қозғалған жағдай 2017 жылы 1 шілдеде болған. И. есімді сотталушы пәтерде отырып әйелімен сөзге келіп қалады. Кейін әйелін соққыға жығып, басы мен көкірегінен қатты ұрып жібереді. Сарапшылардың мәліметінше, И. есімді азаматтың әйелі орташа деңгейлі жарақат алған.

Астана қаласы №2 Сарыарқа сотының шешімімен ер адам ҚР ҚК 107-бап 1-тарауы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енбеді.


Соңғы жаңалықтар