"Әйеліне күйеуі маймыл, еркекке әйелі жаман хайуан боп көрінеді": Нұрлан имам дуаланған отбасылардың қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйеліне күйеуі маймыл, еркекке әйелі жаман хайуан боп көрінеді": Нұрлан имам дуаланған отбасылардың қандай болатынын айтты

"Әйеліне күйеуі маймыл, еркекке әйелі жаман хайуан боп көрінеді": Нұрлан имам дуаланған отбасылардың қандай болатынын айтты

Әлеуметтік желіде халық арсында ерекше танымалддыққа ие Нұрлан Байжігітұлының дуа жасалған отбасылардың көбейіп кеткенін мәлімдеген видеосы тарады.

  • 19 Қазан 2023
  • 149
Фото - Caravan.kz

Имам видеода сиқыр жасалған адамның емделуі ұзақ боалтынын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Үш нәрсе бірге жүреді. Сиқыр, көз тию, жын кіру. Бұл үшеуі де бір категориядағы нәрселер. Үшеуінің де диагнозы жобасында бірдей. Қазіргі уақытта сиқырдың ең көбі отбасында болып жатыр. Әйелі мен күйеуін ажырату үшін, яки біреуді қаратып алу үшін, немесе біреумен сыйыспаса, солардың отбасын бұздырып, әйелі мен күйеуі бөлек кетуі үшін істелінетін сиқырлар көбейіп кетті. Бұл сиқырлар екі адам бір-бірінсіз тұра алмайтындай әсер береді. Бірақ, екеуі кездессе, бір-бірін көре алмай, ұрыса беретін жағдайға жетеді. Сиқыр әсер етсе, әйеліне күйеуі маймыл сияқты көрінеді, еркекке әйелі жер бетіндегі жаман хайуан сияқты көрінеді. Сиқыр сондай дәрежеге көтеріледі. Ең соңында екеуі ауру боп тынады. Ажалы жетсе өледі, ажалы жетпесе қалады. Үйлерден ине, әртүрлі шаншылған нәрселер табылуы көбейіп кетті. Мұның бәрі сиқыр. Сиқыр, дуаның барлығы бірінші істелген кезде эффектісі басқаша болады. Кейінірек өткенде басқаша әсер етеді. 10-15 жылдан кейін қатты әсер береді. Сиқырдың күшімен адамдар ағайындарынан бөлініп кетіп жатқан жағдайлар өте көп. Сау адам адекватты адамның істемейтін қылығын істесе, сиқырдың барын екенін көрсетеді. Бұл — анық нәрсе. Сондықтан сиқырдың емделуі өте ұзақ", — дейді блогер-имам. 

 

Соңғы жаңалықтар