Жарияланды: 130

Әйелің ұнамай қалып тастап кетсең де, балаңды қараусыз қалдырма - блогер, журналист

Әйелің ұнамай қалып тастап кетсең де, балаңды қараусыз қалдырма - блогер, журналист

Белгілі блогер, тележурналист Ардақ Байғабыл отбасын тастап кететін ер-азаматтарға қатысты пікірін айтты. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Мұқтаж жандарға жәрдем беріп жүрген блогер қараусыз қалған бала мен әйелдердің хал-ахуалын қынжыла жеткізді. 

"Мен бүгін бір нәрсеге анық көзім жетті. Қазақтың еркектері ез болып кеткен. 300-ден аса адамдардың тізімі бар.

5-6 баланы тастап кеткен еркектер саны өршіп тұр. 4 баласы бар, 5-ші баласына аяғы ауыр әйелді тастап кеткен. Бұл неткен сұмдық. 

Әйел көзіңе шөп салған шығар, Алла сақтасын. Бірақ, мейлі әйелің жаман екен, ұнамай қалса да, баланың не кінәсі бар. Балаларыңа қарасаңдаршы. Асырап бақпайсыңдар ма? 

5 баласы бар әйел бір апта бойы тек нан ғана жеген. Дүкенге барып нан аламын десе, дүкенші тағы да нан алып жатсың ба деп мазақ қылған. Не деген қорлық? Адамдарға не болған? 

Маған десең, әйелдерің мен балаларыңды тастап кеткендерің үшін, елдің алдында аты-жөндеріңді жазып, тізімін жариялап масқараларыңды шығарамын. 

Тағы да айтамын, еркектер! Әйелдерің ұнамай қалса, да, баларыңды асырап бағыңдар. Ең құрығанда 500 теңге болса да беріп тұрыңдар. Аптасына бір рет болса да, балалардың жағдайларын біліп тұрыңдар. 

Әйелдерден күйеің балаларына соңғы рет қашан келді десем, жарты жыл бұрын келген дейді. Енді бірі, бес жыл болды келмегелі, балалар әкесін танымайды да деп тұр. Осындай да әкелер бар екен деп, таңқалдым. 

Осындай жағдайдың бәрі иамнсыздықтан. Алладан қорқыңдар! Ертең осының бәріне жауап бересіңдер! Құдай ұрады, айтпады демеңдер! - деп, сөзін топшылады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by АРДАҚ БАЙҒАБЫЛ (@ardaqbaigabyl) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін